Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантинге жабылған медбике мен оның күйеуінің әйнек арқылы сөйлесуі жұрт көңілін елжіретті

Әлеуметтік желіде коронавирустың таралу қаупіне байланысты карантинге жабылған Сюйчжоу қаласында полиция қызметкері болып істейтін ер адамның 10 күннен кейін медбике әйелін көрген суреті тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Сюйчжоу  - коронавирустың ошағы болған Ухань қаласынан шамамен 800 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қала тұрғыны бұл фотосуретті Қытайдың мемлекеттік БАҚ – Guancha-ға жіберген. Журналистер  суретті Қытайдағы әйгілі Weibo әлеуметтік желісіне жүктеген. Екі күн ішінде жарияланым 20 мың репост пен ондаған мың лайк жинады.

Бұл суреттің кейіпкерлері - Ван отбасы. Ван Шувэнь Сюйчжоу медициналық университетінің ауруханасында медбике болып жұмыс істейді. Коронавирус індеті тарала бастағаннан кейін ауруханада пневмонияның жаңа түрімен ауырғандарды емдеу үшін карантин бөлімшесін жабдықтаған. Бөлімге алғашқы емделушілер келген сәттен бастап медициналық қызметкерлер жұмыс орнынан шықпаған.

Ванг Шувэнь - 47 жаста, үйде 10 күннен астам уақыт болмаған. Ал күйеуі  Ван Шенькун – 48 жаста. Ол да карантинге байланысты жабылған қалада қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.
"Мен 10 күн бойы сүйіктімді көрмедім және қатты сағындым. Көңілім тынышталуы үшін оны көргім келді», - дейді Шенькун. Ол әйелін бірнеше минут көру үшін оның жұмыс істейтін аурухананың карантиндік бөліміне келген.

Фотосурет танымалдыққа ие болғаннан соң Guancha.cn кейіпкерлерді іздей бастады. Жергілікті полицияда Ван Шенькуннің Сюйчжоу жол полициясында қызмет ететінін растаған.

Журналистер Ван отбасының баласы бар екенін анықтаған. Қазір ол 17 жаста және полиция академиясында оқиды. Ата-анасының көру үшін жас жігіт академия басшысының атына әкесімен бірге көшені күзетуге рұқсат беруін өтініп, хат жазған. Академия басшысы жігіттің өтінішін орындады.

Фотосуреттің авторы Сюйчжоу полициясының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкері Ван Шенькунның әріптесі болды. Олар қызметке кірісер алдында жақындарын көруге жұқпалы аурулар бөліміне барған.

карантин"БАҚ бұл фотосуретті бөліседі және бұл барлығына күш пен позитив береді деп үміттенемін", - деді фотосуреттің авторы журналистерге.

Талқылау