Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл махаббат": Ержан Максим мен Микелла Абрамованың бірлескен клипі шықты

Ержан Максим мен Алсудың қызы Микелла Абрамованың бірлескен клипі шықты. Микелла Instagram-да және YouTube-арнасында қазақстандық жас әнші Ержан Максиммен бірге түскен "Бұл махаббат" әніне түсірілген клипін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

vfvf

"Міне, көптен күткен премьера. Бұл ең керемет сезім - махаббат туралы дастан. Оны әрдайым жүрегіңізде сақтау керек екенін ұмытпаңыз! Ән мен түсірілім жасауға қатысқан барлық адамдарға алғысымды білдіргім келеді.

Жұмыс керемет болды, ал нәтиже барлық үмітті ақтайды. Және, әрине, әрбір адамға қолдау, лайк және пікірлер үшін рахмет! Біз сіздің кері байланысыңызды күтеміз, міндетті түрде өз пікіріңізді қалдырыңыз және достарыңызбен бөлісіңіз", - деп жазды Микелла клип.

 

2019 жылдың мамыр айында бұл композицияны Микелла мен Ержан Қырымда "Жаңа толқында" орындаған еді.

Талқылау