"Бұл қалай болғаны?": АӘК алып отырған қазақстандықтардың саны Қарағұсованы шошытты

Мәжіліс депутаттары еліміздегі мұқтаждардың санын көріп қайран қалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда 2 миллион 100 мың адам әлеуметтік көмек алып отыр. Ал бюджет 1 миллион 400 мың адамға есептелген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Мұның бәрі үкімет биылғы жылдың республикалық бюджетін қарастырғаннан кейін басталды. Одан кейін әлеуметтік блокқа қосымша қаржы бағытталған еді. Министрлер кабинеті еліміздегі мұқтаждардың бәріне жәрдемақы төлеу үшін, тағы 37 миллиард теңге бөлген. 

Бұл туралы білген депутат Гүлжан Қарағұсова қайран қалды. Ол 2007 жылы мұқтаждарға берілетін жәрдемақыны жарты миллион адамның ғана алғанын атап өтті. Есесіне осы уақытта мемлекет түрлі жұмыспен қамту бағдарламаларына көп қаржы жұмсаған. Ал жұмыссыздар мен әлеуметтік аз қамтылғандардың саны арта түссе, ол қаржы қайда жұмсалған? Депутат жұмсалған қаржының есебін сұрап, өзі тұжырым жасауға уәде етті.

«Бізде небәрі 8 миллион адам ғана еңбекке жарамды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай жағдай болған емес. Сонда осы уақытқа дейін қолға алынған ауқымды жұмыспен қамту бағдарламалары нәтиже берген жоқ па? Бұл қалай болғаны? Бұған кім жауап береді?» - деді Қарағұсова. 

Талқылау
Пікір
Ава
09 Қаз, 19 жыл - 09:37

Сәлеметсіздер.Расында кайда?Мен 2007 жылы әке-шешем дүниеден озған,мен 18 толғанға дейін 9 ай бар еді сол кезде. Бырак ешкандай комек көрмедім үкіметтен.

Saiat
04 Қаз, 19 жыл - 01:31

Ассалаумагалейкум бизде колга алынган шаруалар оте коп ол оте дурыс. Бирак карапайым халыкка берылмейды. Канша акиматка барсан ой залогка коятын затын керек дит. Залогка ненды коясын дуниен болмаса. Байларга берыледы де карапайым халык ала алмайды. Типти мына жардемакыны кедей емес байларда алуда оздерынын аттарында еш кандай мулык тиркемей акесынын атына тиркеп коп балалы деп алып отир бул сайкал ауыл акимнын иси. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...