БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бас прокуратура: Бюллетеньмен селфи жасағандарға айыппұл салынады

ҚР бас прокуратура басшысының орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, барлық заң бұзушылық тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

"Сайлау күні кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынғанын жақсы білесіздер. Бұған әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Дәлірек айтсақ, тұлғаларға 15 АЕК көлемінде, ал кіші және ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне 30 АЕК көлемінде. Яғни 37-75 мың аралығында айыппұлдар салынады. Мұндай тыйымның бар екеніне қарамастан, дәл қазір әлеуметтік желіден ашық және жасырын түрінде ереже бұзып отырғандардың бар екенін көріп отырмыз", - деді Болат Дембаев. 

Сондай-ақ, ол азаматтардың бюллетеньмен суретке түсіп қана қоймай, кімге дауыс бергенін көрсеткен фактілер кездескеніне тоқталды. Бұл да үгіт-насихат жүргізу түрі болып табылады.

Бұдан өзге орталық сайлау комиссиясы отырысының хаттамаларын жариялау да кездеседі. Заң бойынша, сайлау толық біткенше, яғни сағат 20:00-ге дейін мұндай хаттамаларды жариялауға рұқсат жоқ. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды. 

Мұнымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оқушылар сарайына барып дауыс берген болатын. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дауыс беру учаскесіне отбасымен бірге барды. Бұдан өзге түскі сағат он екіге дейін халықтың 35 процентінің дауыс беріп үлгергені белгілі болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр