Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол – Әлімханұлы емес". Қазақ боксының ең жарық жұлдызы аталды

Ресейлік "неКАРАтэ" Youtube-арнасы болашағы ең жарқын қазақстандық боксшыны атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Автордың айтуынша, қазақ боксының ең жарық жұлдызы – Әлімханұлы емес, Данияр Елеусінов.

“Оның командамен жолы болмады, тағы бір нәрсе... Біз ол туралы сирек айтамыз, оны сирек көреміз. Олар оны қажет жағына қарай бұрмай отыр. Бірақ Елеусінов – ешқашан ұтылмайтын жігіт. Мұны аз адамдар түсінеді. Ол кез-келген позициядан ұра алады. Сондай-ақ түзу қалай ұру керектігін біледі. Ол орташа, жақын жерден жұмыс істей алады. Тәуекелдерді азайтуды біледі. Ол бәрін біледі. Бірақ біз бұл туралы іс жүзінде айтпаймыз. Ал неге? Себебі ол дұрыс жолда жүрген жоқ. Сондықтан қазақ-ағайындар алаңдамаңыздар сіздерде алтын резервтер бар, - дейді арна авторы.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, алайда оның рингке шықпағанына бір жылға жуық болды. 

Талқылау