Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұған Серік Күдебаевтың қатысы жоқ: ІІМ алматылық дәрігерлердің ісі жайлы айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет тарапынан алматылық дәрігерлердің ісіне қатысты түсініктеме берді.

Бұған Серік Күдебаевтың қатысы жоқ: ІІМ алматылық дәрігерлердің ісі жайлы айтты

«Ішкі істер министрлігі де, Серік Күдебаевтың баласы жұмыс істеген прокуратура да тергеу жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган - экономикалық тергеу қызметі жүргізді. Министрлік те, прокуратура тарапынан да қысым болған жоқ. Бұл органның өзі шешім қабылдады, тек сот әрқашан санкция береді», - деді Тұрғымбаев.

Журналистердің Серік Күдебаевтыңдәрігерлердің тұтқындалуымен ешқандай байланысы жоқ па деген сауалына министр осылай нақты жауап берді.

Бұған дейін Нұрсұлтан Күдебаевтың ауруханаға барған видеосы жарияланды. Ал, жақындары дәрігердің ота кезінде шығып кеткенін айтып мәлімдеме жасады.

Талқылау