"Бүркіт бейнеленді": Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай татуировкаларын қандай мақсат салдырғанын айтты
2024 жылғы Олимпиаданың бокстан қола жүлдегері Назым Қызайбай татуировкаларының қандай мағына беретінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Назым Қызайбай – Қазақстан боксы тарихында Олимпиадада ең жеңіл салмақта (50 келіге дейін) медаль жеңіп алған алғашқы спортшы. Бұған дейін қазақстандық боксшы қыздар Олимпиада ойындарында тек суперауыр салмақта қола жүлде алған еді: Марина Вольнова (Лондон-2012) және Дариға Шәкімова (Рио-2016).
"Татуировкаларымның өзіндік тарихы бар. 2012 жылы алғаш рет Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған кезде, шетелдік спортшылардың әртүрлі әдемі татуировкаларын байқадым. Осыдан кейін менде де осындай нәрсе жасағым келді. Алғашында Олимпиада символикасын және бокс қолғабын салдырдым. Кейіннен оларды толықтыру үшін қара түсті тағы бір қолғап пен ұлттық рухтағы бүркіт бейнеленді. Әрине, гүлдерді жақсы көремін. Олар да татуировкаларымның бір бөлігі", – деп бөлісті Назым Қызайбай Sportburo.kz порталына берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиынында жаңа капитаны болып Назым Қызайбай сайланды. Жаз айында боксшы сұхбат беріп, спорттағы жетістіктерін айтып берді. Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай финалға шыға алмау себебін дайындығының аз болуымен байланыстырды. Басқа боксшыларға үздіктер қатарынан көрінуге не кедергі болғанына қатысты өз ойын жеткізді.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді