Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жантүршігерлік көрініс болды": Куәгер Астанадағы банк бөлімшесін басып алып, адамдарды кепілге алған оқиға жайлы айтып берді

Астанада Kaspi филиалында қарумен келген бопсалаушының қолында кепілдікте болғандар туралы куәгер мән-жайды айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 5-tv.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Банкке келіп ақша бопсалаған адамды көрген Роза Шахан есімді бойжеткен оқиға кезінде қатты қорыққанын жасырмады. 

"Шынымен де, бұл сұмдық жағдай болды. Жантүршігерлік көрініс еді. Біз құтқарушыларды бақылап отырдық. Олар өте белсенді әрі жылдам әрекет етіп, оқиға орнына жетті", – деп бөлісті Роза Шахан есімді бойжеткен.

Ол барлығы "Бумажный дом" сериалындағы тонауға ұқсас болғанын атап өтті. Мұны өз басынан өткізген куәгер оқиға фильмнен де әлдеқайда қорқынышты екенін айтады. Бойжеткен мұндай оқиғаның Қазақстанда болуы мүмкін емес деп ойлағанын да атап өтті.

Шахан жағдай барысында қорыққанын, бірақ банк ішінде кепілге алынғандар үшін көбірек алаңдағанын алға тартты.

Еске салсақ, жексенбі күні Астанада қарулы адам Kaspi филиалында адамдарды кепілге алып, талаптары орындалмаса, өлтіреміз деп қорқытқан еді. Ер адам Kaspi активтерін мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға беруді талап етті. Басқыншы талаптарын орындауға үш сағат уақыт беріп, кейін кепілге алынғандарды өлтіруге уәде еткен болатын.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 19 Маусым, 2023 10:29