Желі қолданушыларының бірі кеңес берді, бірі қай жерде жүргенін хабарлап отыруын сұрады, енді бірі әзілдеп, жігерлендіретін пікірлер жазды.
“Жолың болсын, Игорь”, “Игорь, үйіңе аман-есен жеттің бе?”, “Мен сен үшін алаңдап, күн сайын жазбаларыңды тексеріп отыратын болыппын”, “Кім біледі, Игордың жағдайы қалай? Үйіне жетті ме? Әлі де мас па?”, “Жеттің бе? Ұйықтайтын кезде қолыңды жерге қойып жат, ұйықтау оңай болады”, “Бір сағат өтті, үйіңе жеттің бе?”, “Аяқ-астыңа қарап жүр”, “Игорь үйіне жетті ме? Кім біледі? Әйтпесе бүкіл Threads уайымдап отыр”, “Сәлеметсіз бе, Игорь. Мен есімім Аня, декреттегі анамын. Сіз үшін қуаныштымын, бірақ шын жүректен емес”, – деп жазған олар.


Жазба бір тәуліктің ішінде 61 мың лайк, 2.5 мыңнан астам пікір жинап үлгерген. Бұл Threads желісі үшін өте жақсы көрсеткіш.