Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нағыз батырлар": Жалынды ауыздықтаған соң, еденде ұйықтап қалған өрт сөндірушілердің суреті жұрттың жүрегін елжіретті

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Серік Қалқаманов әлеуметтік желідегі парақшасында Арыстағы қызыл жалынды ауыздықтап, үйінділерді ретке келтіріп болған соң, жерде ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің суретін бөлісті. Аталған сурет желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

өрт сөндірушілер

«Өрт сөндірушілер алдында тақиямды шештім. Олар өмірлерін қатерге тіге отырып өртті сөндіріп, үйінділерді ретке келтіріп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Түнде оларға қауіпсіз жерде жатып демалу үшін арнайы орын дайындап қойған болатын. Алайда олар штабтағы жаттығатын залдың еденіне жатып ұйықтап қалған екен. Таңертең әскери бөлімнен өзге барлық жердегі өрт сөндірілді. Нағыз батырлар. Төтенше жағдайда барлығы 400 сарбаз жұмылдырылды», - деп жазды ол суреттің тұсына. 

Әлеуметтік желі қолданушылары да өз кезегінде құтқарушыларға құрметі шексіз екенін жеткізді. 

"Мұндай суреттерді бөлісіп, олар туралы жазуымыз керек", "Алдыларында басымды иемін. Олар туралы фильм түсірген жөн", "Біздің заманымыздың қаһармандары", "Жарайсыңдар! Сендерге алғысымыз шексіз", "Еліміздің басына ауыр күн туғанда қасқайып, қарсы тұрып, ауыртпалықты көтеріп алатын осындай ер азаматтар аман болсын" деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетсек, Арыстағы жарылыстан екі адамның ажал құшқаны туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, жарылыстан кейін қаланың қандай күйде екені белгілі болды

Талқылау