Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүгін мені маркерге теңеді": НИШ оқушысы оқуға "қатты берілмеуге" шақырған Омар Жалелге жауап берді

Филология ғылымдарының кандидаты Омар Жалелдің сөздері мен әйелдерге қатысты теңеулері Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларының көңіліне тиген. Шара барысында белгілі абайтанушымен сөзге келіп қалған мектептің 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбек өзінің Instagram-дағы парақшасында  жазған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аяулым Қанатбек өзінің парақшасындағы жазбасында былай дейді:

"Көрнекті тұлғалармен кездесулердің бірінде қонақ ретінде Омар Жәлелұлы келді. Акт залы адамға лық толы. Маңызды нәрсе естігісі келген балалар жиналып қалған. Алайда, оның орнына біздің естігеніміз мынау болды: "Қыздар академик болмауы керек, олар академиктерді туу керек". 

"Неге 21 ғасырда мен балаларды туатын конвейер екенімді, оқу маған өмірде жетістікке жету үшін емес, ақымақ бала тумас үшін керек деген сынды лекциялар тыңдауым керек?", - дейді оқушы қыз. 

Аяулымның сөзінше, ол абайтанушының "Ердің мұраты еліне қызмет ету, әйелдің мұраты ерге қызмет ету" деген сөзіне қатысты сұрақ қойған.

"Неге еліме өзге адамдардың қатысынсыз қызмет ете алмаймын?" деп сұрағанымда, ол былай деп жауап берді: Маркер болады ғой, оның бір ғана мақсаты бар - жазу. Маркер жазбай қалғанда, біз оны лақтырамыз. Әйелдермен де осылай. Кешіріп қойыңыз, бірақ әрбір әйелдің мақсаты - өз алдына қойған айқын мақсаты. Бұл  - мансап немесе балалы болу, демек өзінің қалауы. Қоғам оған іліп қойған міндеттер емес. Қыздар, өз ойларыңды ашық білдіруден қорықпаңдар, біздің құқығымыз бар екенін білдіріңдер, қорғаңдар", - дейді.

Абайтанушының бұл пікіріне қатысты белгілі академик, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова Алматы арнасына пікір білдірген:

"Мен балалары бар көп әйелді білемін, олар 3-4 баланың анасы, бірақ сонымен бірге олар жақсы маман, профессор. Мәселен, онкология институтында үштен көп балалы хирург-әйелдер бар, олар немерелерін де тәрбиелеп отыр, бірақ сонымен бірге жұмыс істейді және нәзік жанды әйел болып қала береді. Меніңше, барлық ер адам мұндай пікірді ұстана бермейді. Сондықтан барша әйелге кеңес беретіндей емес", - дейді м.ғ.д. Диляра Кайдарова.

 

Талқылау