Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Қазақстан президенті 66 жасқа толды: Тоқаевтың есімін кімнің құрметіне қойған

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа толды, деп жазады Stan.kz ақпарат-агенттігі.

Бүгін Қазақстан президенті 66 жасқа толды: Тоқаевтың есімін кімнің құрметіне қойған

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Мемлекет басшысы үшін биылғы туған күн ерекше болмақ. Себебі, ол алғаш рет бұл күнді Қазақстан президенті ретінде атап отыр. 

Президенттің отбасы туралы айтатын болсақ, әкесі – қазақ әдебиетіндегі детективті- қызық оқиғалы жанрдың негізін салушы, белгілі жазушы Кемел Тоқаев. Ал анасы Тұрар Шабарбаева Алматы педагогикалық шет тілдер институтында жұмыс істеген.

Президенттің есімі екі құрамнан тұрады. Қасым араб тілінен аударғанда «бөліп беруші, таратушы, әдемі» дегенді білдіреді, ал Жомарт қазақ тілінде «қолы ашық, аса мейірімді» деген мағына береді.

Қазақстан президентінің әкесі Кемель Тоқаевтың Қасым деген ағасы болған. Міне, Мемлекет басшысының есімі сол «Қасым» атты ағайының құрметіне қойылған. Ал, Қасымға жатқанған Жомарт деген есімді ұлын жомарттығы мен көнілінің кеңдігі тасыған ересек адам ретінде көргісі келген анасы Тұрар қойыпты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі мен ағайының тағдыры оңай болған жоқ. Жастайынан жетім қалған Кемел мен оның ағасы Қасым Тоқаев Шымкенттегі қорғасын зауытының жанындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Өкінішке орай, қиын кезеңдер ағайынды Тоқаевтарды екіге бөліп жібереді. Және 1942 жылдың ақпанында фашистерге қарсы шайқаста Кемелдің ағасы Қасым майданда қайтыс болады. Бауырдың орны әрине өзгеше емес пе. Туғанынан айырылған Кемель Тоқаев өмір бойы ағасын сағынып өткен.

«Әкем өмір бойы үлкен ағасын сағынумен болды. Ағасымен қауыша алмайтынын түсінсе де, оның соғыстан аман келуін асыға күтті. Ағайым өзінің соңғы панасын Тверь облысы, Ржевский ауданы, Трубино кентінде орналасқан бауырластар зиратында тапты»,- деді Тоқаев сұхбаттардың бірінде.

Бірақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы туралы мәлімет көп емес. Қазақстан президенті отбасын ешқашан көрсеткен емес. Тек, Тоқаевтың Надежда Давыдовна есімді әйелі болғаны және онымен ажырасқаны, сондай-ақ, олардың1984 жылы туған Тимур есімді ұлдары бар екенін белгілі. 


Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – жаңа президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр