Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилияның экс-президенті әскери төңкеріске дайындалғаны үшін 27 жылға сотталды

Жаир Болсонару 27 жылға сотталды

Фото: Іnfobrics.org

Бразилия Жоғарғы сотының судьялар алқасы елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонаруды 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін әскери төңкеріс жасауға астыртын келісім құрды деп кінәлі деп танып, 27 жылға соттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Болсонарудың адвокаттары үкіммен келіспей, оған “ақылға сыймайды” деп баға беріп, “барлық деңгейде, тіпті халықаралық деңгейде” қайта қаратуға уәде берді.

Жоғарғы соттың бес судьясының төртеуі 70 жастағы Болсонаруды 2022 жылғы сайлауда солшыл қарсыласы Луис Инасиу Лула да Силвадан жеңілгеннен кейін билігін сақтап қалуға бағытталған астыртын келісімді басқарды деп кінәлі деп тапты. Лула қазіргі күнге дейін президент болып отыр.

Төңкерісті әскерилер айтарлықтай қолдамағанымен, 2023 жылы 8 қаңтарда Болсонару жақтастарының үкімет ғимараттарын басып алған. Бір судья Болсонаруды ақтады, тағы бір судья ұзақ уақыт шешім қабылдай алмады. Десе де төрт судьяның соттау туралы шешімі басым түсті.

Шешуші дауыс судья Кармен Люсияға тиесілі болды. Ол Болсонаруды барлық бес айып бойынша кінәлі деп тапты:

  1. Мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға талпынды;
  2. Қарулы қылмыстық ұйымды басқарды;
  3. Демократиялық тәртіпті күшпен жоюға талпынды;
  4. 2023 жылғы 8 қаңтарда Бразилиядағы ғимараттарды басып алу кезінде мүлікті бүлдіруге байланысты тағы екі айып.

Қазір үйқамақта отырған бұрынғы президент өзіне тағылған айыптарды әрдайым жоққа шығарып келген. Экс-президенттің қорғаушылары апелляция бермек.

Жаир Болсонару денсаулығына байланысты сотқа қатыспады.

“Ол бейсенбі күні таңертең AFP журналисі Бразилиядағы үйінің бағында жүрген жерінен байқап қалды. Шынында, оның денсаулығы жиі сыр беретін, себебі 2018 жылы ол қастандыққа ұшырап, ішіне пышақ жарақаты салынды”, – деді экс-президенттің адвокаты.

Болсонарудың жақтастары ол солшыл Луис Инасио Лула да Силваға президенттік сайлауда жеңілгеннен кейін үкімет ғимараттарына басып кіріп, оларды қиратып тастаған еді. Болсонару АҚШ президенті Дональд Трампты ашық қолдаған, ал Трамп сотты “сиқыршыларға қарсы қуғын” деп баға берді.

Сот шешімі АҚШ президентін таңғалдырды. Трамп сотты бастан-аяқ көргенін және шешіммен келіспейтінін жеткізді.

“Мен бұл сотты бақылап отырдым, оны жақсы білемін. Шетелдік көшбасшы. Меніңше, ол Бразилияға жақсы президент болды. Мұндай жағдай таңғалдырды, өте наразымын. Болсонаруды жақсы білемін демеймін, бірақ оны ел президенті ретінде танимын. Мен оны әрдайым өте турашыл, ерекше, тұлға деп есептейтінмін. Менің ойымша, бұл – қорқынышты жағдай. Бұл Бразилия үшін өте жайсыз жағдай деп санаймын”, – деп жауап берді Трамп журналистің “Бразилияға жаңа санкциялар енгізесіз бе?” деген сұрағына.

Айым Болатқызы
Жұма, 12 Қыркүйек, 2025 10:00