Браконьердің қолынан мерт болған инспектордың соты: Сотта адам сенгісіз жайттар айтылды

Ақмола облысында «Охотзоопром» қызметкері Қаныш Нұртазинов браконьерлердің жолын кесемін деп көз жұмған еді. Бүгінде қорықшының өліміне қатысты сот басталды. Сотта адам сенгісіз жайттар айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Браконьердің қолынан мерт болған инспектордың соты: Сотта адам сенгісіз жайттар айтылды

Еске сала кетсек, биылғы жылдың шілде айында браконьер алты киікті жайратып салып, артынша ізіне түскен инспекторлардан қашамын деп оқ атқан еді. Салдарынан қорықшылардың бірі Қаныш Нұртазинов көз жұмып, Самат Оспанов ауыр жарақат алған-ды. Артынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты 45 жастағы Анатолий Бонякевич айыпталып отыр. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 4 бірдей бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. 

Бүгінгі сот отырысында адам сенгісіз жайттар айтылды. Айыпталушы инспекторларға оқ атқан кезде қасында 13 жастағы ұлы болған екен. Анатолий Бонякевичтің ұлы бүгінгі сотқа куәгер ретінде шақырылған.

Ал марқұм Қаныш Нұртазиновтың  4 баласы мен туыстары оның өліміне кінәлі адамның әділ жазаланғанын қалайды.

"Бұл қайғы-қасірет біздің отбасымызға оңай тиген жоқ. Мен бауырымнан, анам баласынан, балалар әкесінен айырылды. Нақты қолына қару алып атқан қылмыскер өз жазасын алуы керек. Мұнан басқа ешқандай талабым жоқ", - дейді марқұмның әпкесі Жансая Нұртазинова.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді

"Камерадан қылмыскердің аңдып жүргені байқалады, бірақ ешкім көрмеген": Заңгер Таразда зорланған оқушы туралы

Заңгер: Бақыламайтын болса, камераны не үшін орнатты?
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр