Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ешкім тыйым сала алмайды": Бозымбаев АЭС құрылысы туралы айтты

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздегі атом электр станциясының құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Бозымбаев АЭС құрылысы туралы: Нақты шешім қабылданған жоқ

«Бұл туралы айту қиын. Айталық, егер Бангладеш АЭС салып жатса, бұл жақсы ма әлде жаман ба? Ол ел бізден әлдеқайда дамыған ба? Бәлкім, бұл олар үшін алға жасаған қадам болар. Мен бұл тақырыпқа қатысты пікір таластыра алмаймын. Алайда Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданбады және қабылданған да жоқ. оны нақты айта аламын. Қазақстанда станцияс құрылысын жүргізу мүмкіндігін зерттеп жатырмыз. Анықтау үшін, аталған технологияларды шығаратын елдерден мүмкін болатын технологияларды, техникалық сипаттамасы мен құнын сұрастырудамыз», - дейді Бозымбаев. 

Сонымен қатар вдеомство басшысы үкімет мен «Самұрық-Қазына» техникалық сиптаммаларын анықтағаннан кейін «аталған мәселе қоғам талқысына ұсынылады».

«Президентіміз Семейге барған сапарынла аталған мәселені қоғам пікірін ескере отырып шешуге болатынын айтқан еді. Алайда бұл тақырыпты зерттеуімізге ешкім тыйым сала алмайды», - дейді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысына қатысты сөзінде тұратынын және халықтың пікірі ескерілетінін мәлімдеген еді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр