Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен жігітті тексермек болып алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келді

Қытайлық әйел жігіттің қаншалықты жомарт екенін тексермек болып, алғашқы кездесуге 23 туысын әкелді.

Бойжеткен өзінің 29 жастағы жігітпен алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келді. Ол жігітті осылайша тексермек болды.  

Кешкі астан кейін ер адам мейрамханадан қашып кетіп, 20 мың юаньға есепшотты төлемей кетті. Бұл сома өте көп еді, өйткені қыздың туыстары көптеген деликатес пен алкогольдік сусындарға тапсырыс берген.

Нәтижесінде қытайлық жігіт пен қыз есепшотты бөліп төлеуге келісті, қалғанын оның туыстары өтейтін болды.

Бұл кездесуді қыздың анасы ұйымдастырған. Ол тұрмысқа шыға алмай жүрген қызының тағдырына алаңдапты. Кездесуге келер алдында ер адам кешкі ас үшін ақша төлеуге уәде берген.

Бұл оқиға Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу пікірталас тудырды. Қолданушылардың көпшілігі кездесу күні ер адам қыз балаға ақша төлеуі керек, ал егер ол өзімен бірге басқа біреуді алып келсе, ол жай ғана кетіп қалуы керек деп пікір жазды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр