Ақ картина аукционда 1 миллион еуроға бағаланды
Германиядағы аукционда ақ картина 1 миллион еуроға бағаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
1 миллион еуроға бағаланған ақ картинаның авторы – марқұм америкалық суретші Роберт Райман. Ол бұл туындыны алғаш рет 1970 жылы әлемге көрсетіп, оны "General 52" деп атады. Ақ кенепті бос деп айтуға келмейді. Райман мақта-матаға эмаль бояуын жаққан. Өнертанушалар автордың осылайша қарапайымдылықтың шынайы бейнесін көрсеткісі келгенін айтады.
Аукционға қомақты ақшаға бағаланған ақ картинаны әлі ешкім сатып ала қойған жоқ. Десе де сарапшылар өнер туындысының әп-сәтте сатылып кететініне сенімді.
Райманның басқа жұмыстары да минимализмге бағытталған. Картондағы түссіз кескіндер аукционға үш рет қойылды.Картиналардың сынғыштығына байланысты олар ұзақ уақыт бойы өнерді бағалай алатын адамдарға көрсетілмеді. Бірақ соған қарамастан, адамдар өнер туындыларын 19 миллион еуроға сатып алуға дайын болды.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты