Соңғы жаңалықтар

Боран соғып, көктайғақ болады: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

18 қарашада Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дауыл

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Таразда тұман түсіп, көктайғақ болады. Аймақтағы дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 70-75 пайыз.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.  

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда боран соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Аймақтағы дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.   

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-шығыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр