Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боран кезінде басқа жүргізушілерге көмектескен: Қазақстандық азамат Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында көз жұмды

17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында қиын жағдайға тап болған басқа жүргізушілерді құтқарамын деген Әсет Мәжітов есімді ер азамат жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

марқұм жанкүйер

Марқұм азамат қазақстандық "Барыс" хоккей командасының жанкүйері болған. Спорттық ұйым өз кезегінде бақилық болған ер азаматтың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы жазба "Барыстың" Faceboоk желісінде жарияланды. 

"16 қаңтар күні түнде кезекті хоккей жарысын тамашалап, үйіне асыққан әсет Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында боранда қалып қойды. Ол сол жолда қар құрсауында қалып қойған тұрғындарға көмек қолын созыпты. Әсет қардан екі көліктің шығуына жәрдемдескен, алайда өзінің көлігіне бет алған оны жоғары жылдамдықпен келе жатқан Toyota Camry маркалы көлігі қағып кетеді. Өкінішке орай, ол алған жарақаттарынан сол мезетте көз жұмды", - депті марқұмның ағасы. 




 

Талқылау