Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бомба болады": Димаш Құдайберген Лара Фабианмен дуэт жазды

Димаш Құдайберген Лара Фабианмен дуэт жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жаңалықты өнер иесінің өзі желідегі парақшасында бөліскен. Енді танымал әнші Димаш Құдайберген World music премиясының иегері Лара Фабиянмен ортақ туындыларын тыңдарманға ұсынатын болады. 

"Жақын арада сіздердің назарларыңызға World music премиясының иегері Лара Фабиянмен жаңа дуэт ұсынамыз", - дейді Димаш Құдайберген.

Бұл жаңалықты көрген желідегілер әншінің жаңа белеске көтерілуімен құттықтап, керемет ән шығатынына сенімділік танытты. Олар жарыса пікір жасып, ойларын ортаға салған. Димаштың Лара Фабиянмен дуэт айтатынына жұрт қатты қуанған. 

"Бомба болады. Асыға күтемін", "Керемет. Дауыстарың әсерлі үйлесетін болады. Димаш сеннен күнде жаңалық күтеміз", "Лара Фабиянмен дуэт айтатыныңа қуаныштымын", "Қазақтың мақтанышы ғой Димашжан. Екеуі де алтын дауыс иегері", "Көптен күткен дуэт. Армандар орындалады", "Керемет жаңалық, әсте сен емес, әлемнің барлық жұлдызы сенімен дуэт айтуға ынтық болып отырған шығар", - деп пікір жазды желідегілер. 

Талқылау