Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боливияның бұрынғы президенті елден кетті

10  қараша күні қызметтен кеткен Боливия президенті Эво Моралес Twitter желісіне елден шығып бара жатқандығын жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Моралес Мексикаға бет алған көрінеді. Сөзінше, саяси жағдайлардың себебінен оған өз елін тастап бара жатқандығы ауыр болған. Сонымен қатар ол алдағы уақытта жаңа күшпен мемлекетке қайта оралатындығын айтты.

Бұған дейін Мексиканың сыртқы істер министрі Марсело Эбрард Боливияның бұрынғы президентіне саяси пана беру жөнінде шешім қабылданғандығы жайлы айтқан. Өз жазбасында Моралес осы жағдай үшін алғыс айтты.

Эво Моралес 10 қараша күні халықтың наразылық шараларына шығып жатқандығы үшін отставкаға кететіні жайлы мәлімдеген. Кейіннен қарсылық білдірушілер экс-президенттің үйіне баса көктеп кіріп, оны тұтқынға алмақшы болған. Өз кезегінде, Моралес Боливия халқы мен полиция қызметкерлерінің бұл қылығын сынға алды. 

Боливия мемлекетінде жаппай тәртіпсіздіктер 20 қазан күні президент сайлау нәтижесі айтылғаннан кейін басталған. Мемлекет билігі сайлау қорытындысы жалған шықты деп айыпталды. 
 

Талқылау