"Болашақ" бағдарламасының талаптары күшейтілмек
Биылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, кандидаттар өтінім берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Мысалға, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер нәтижесі 9.0 - ден кем дегенде 6.0 IELTS, PBT 677- ден 498, IBT 120- дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер - IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуы тиіс.
"Биыл "Болашақ" бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапалық жағынан арттыру үшін қабылданды. Шетелдік жоғары оқу орнының докторантурасына түсетін қазақстандықтарды қоспағанда, "Болашақ" бағдарламасының үміткерлері шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін растауы қажет", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік