"Болашақ" бағдарламасымен оқуға түскен Айгүл Иманбаеваны қазақстандықтар сынап тастады
Жақында Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасымен оқуға түсіп, елден сүйінші сұрады. Алайда өнер иесінің салық төлеушілердің қаражатына оқитыны көпшіліктің наразылығын тудыры, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/aigul_imanbayeva
Бұл туралы журналист Гүлбану Әбенова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
“Әншінің 45 жасында докторантура оқуы, әрине, мақтауға тұрарлық дүние. Бірақ неге салық төлеушілердің қаражатына оқуы тиіс. Мен оның Қазақстанның ғылымына үлес қосады деп ойламаймын. Неге әртістер мен шоумендер "Болашақ" бағдарламасымен Америкаға, Ұлыбританияға ағылып жатыр? Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен ғылымды насихаттау туралы келісім жасасқан танымал әнші Димаш Құдайберген де алғыс ретінде "Болашақ" бағдарламасымен Америкадағы киноөнер Академиясында оқуға жолдама алды. Алайда, ол ағылшын тілінен тест тапсырмаған", - деп жазды журналист.
Гүлбану Әбенованың айтуынша, Айгүл Иманбаеваның да ағылшын тілін білу деңгейі шетелде білім алуға жетпейді.
"Ол ағылшын тілін үшінші деңгейде меңгерген. Ал онда өнер саласында оқитын білімгер ағылшын тілін 5,5 баллдық деңгейде білуі тиіс", - дейді ол.
Журналист осы сұраққа жауап алу үшін мемлекеттік бағдарламаның жетекшісіне жазған екен. Алайда, әзірге жауап жоқ.
Желі қолданушылары да осыған қатысты пікір білдірді.
“Әртістер енді ғылымға ауыз салыпты. Телевидиені жаулап, базар қылды. Енді ғылымды даңғаза жасамақ па?”, “Болашақ бағдараламасы жастар үшін”, “Айгүлдің өз ақшасына оқитындай жағдайы бар ғой”, – деп өнер иесін сынның астына алды. Бірақ, Димаш Құдайбергенді аталмыш бағдарламаға лайық көргендер де табылды.
“Димаш баламызға қандай құрмет көрсетсе де орынды”, “Димаш – еліміздің болашағына алаңдайтын нағыз азамат”, – деп пікір қалдырды желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаеваның “Болашақ” бағдарламасымен “Арт-менеджмент” мамандығы бойынша Лондонға оқуға түскенін жазған болатынбыз. Өнер иесі 1 сәуір күні Ұлыбританияға жол жүреді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік