Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионатының медальдық есебінде Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан жеңіліп қалды

Фото: KBF media

Бангкокта өткен тарихтағы алғашқы жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 22 медаль жеңіп алып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Таиланд астанасы Бангкокта 1-11 тамыз аралығында жаңа халықаралық ұйым World Boxing ұйымдастырған тарихтағы алғашқы жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Турнир екі жас санатын – U19 (19 жасқа дейін) және U22 (22 жасқа дейін) қамтып, құрлықтың ең үздік жас былғары қолғап шеберлерін жинады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасы жеңімпаз атанды. Өзбекстан боксшылары 15 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль иеленді. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 9 күміс және 6 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтады. Үшінші орын Қытайға бұйырды (6-1-8).

2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының толық медальдық есебі:

  1. Өзбекстан — 15 алтын, 9 күміс, 7 қола

  2. Қазақстан — 7 алтын, 9 күміс, 6 қола

  3. Қытай — 6 алтын, 1 күміс, 8 қола

  4. Үндістан — 4-11-12

  5. Таиланд — 4-1-3

  6. Жапония — 2-0-3

  7. Иран — 1-1-4

  8. Филиппин — 0-2-2

  9. Тайвань — 0-2-3

  10. Моңғолия — 0-1-3

  11. Вьетнам — 0-1-6

  12. БАӘ — 0-1-0

  13. Оңтүстік Корея — 0-0-10

  14. Қырғызстан — 0-0-2

  15. Индонезия, Катар, Бутан, Гонконг, Непал, Малайзия — әрқайсысы 0-0-1.

Қазақстан чемпиондары
Қазақстан құрамасының 7 алтын медалін иеленген спортшылар:

  • U19: Расул Асанханов (90 кг дейін), Құралай Егінбайқызы (80 кг дейін)

  • U22: Нұрислам Қалдыбаев (60 кг дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 кг дейін), Темірлан Мұқатаев (90 кг дейін), Гүлназ Бөрібаева (48 кг дейін), Бақыт Сейдіш (70 кг дейін)

U19 қазақстандық жүлдегерлер

  • Алтын: Расул Асанханов, Құралай Егінбайқызы

  • Күміс: Әділет Тортыбек, Бейбарыс Әшірбай, Тимур Тайбеков, Нұрсұлтан Қыстаубай

  • Қола: Нұрсұлтан Шілдебай, Аяжан Ермек, Айым Танкібаева, Жанель Имантаева, Алина Құдайгенова, Ақбота Есімбекова, Сабина Жақсылық

U22 қазақстандық жүлдегерлер

  • Алтын: Нұрислам Қалдыбаев, Санжарәлі Бегалиев, Темірлан Мұқатаев, Гүлназ Бөрібаева, Бақыт Сейдіш

  • Күміс: Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Шұғыла Нәлібай, Әсел Тоқтасын

Жалпы алғанда, Қазақстан жастар құрамасы 22 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 9 күміс және 6 қола.

Бұл турнир тек жоғары деңгейдегі бәсекелестікпен ғана емес, сондай-ақ жастар арасындағы Азия чемпионатының алғаш рет IBA-дан бөлініп шыққаннан кейін құрылған World Boxing ұйымының аясында өтуімен де тарихи болды.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 23:55
Талқылау
`