Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстағы сенсация: Тайсон мен Мейвезер рингке оралады

Фото: Getty Images

Әлемдік бокс аңыздары сенсациялық кездесуге дайындалуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер ресми түрде көрмелік жекпе-жегін жариялады. Көз түйістіру рәсімі 2026 жылдың көктемінде өтеді.

Хабарланғандай, келісімшартқа қол қойылды. Жарнамада "Аңызға қарсы аңыз. 2026" деген ұран жазылған. Шараның ұйымдастырушысы – CSI Sports/Fight Sports компаниясы.

Майк Тайсон бұл жекпе-жек бүкіл әлем үшін күтпеген оқиға болатынын және қарсыласының денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Ал Флойд Мейвезер жанкүйерлерге әсерлі шоу сыйлайтынын және өз мұрасы әрқашан сақталатынын айтты.

Алдағы кездесу көрмелік сипатқа ие болады және қос боксшының кәсіби рекордтарына әсер етпейді. Жекпе-жектің нақты күні, өтетін орны мен ережелері кейінірек жарияланады.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 13:40