Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Богатырь-Көмір" ЖШС-де 830 млн теңгенің жаңа бөлшектерін ұрлау схемасы анықталды

"Богатырь-Көмір" ЖШС-де 830 млн теңгенің қосалқы бөлшектерін ұрлау схемасы анықталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі қаржы мониторингі агенттігінің таратқан ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

богатырь комир

“Капиталының 50%-ы "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі көмір өндіру кәсіпорнындағы жымқыру схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті "Богатырь-Көмір" ЖШС-мен бірлесіп анықтады. Күдіктінің 2020-2022 жылдар аралығында "Богатырь-Көмір" ЖШС қабылдау комиссиясымен алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі түрде серіктестіктің қаражатын жымқыру әрекеті анықталды. Схема жалпы сомасы 830 млн теңгені құрайтын жаңа бөлшектердің орнына айтарлықтай тозған пайдаланылған қосалқы бөлшектерді жеткізуден тұрды”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.



Бұл әрекеттер мемлекетке аса ірі көлемде материалдық залал келтіргені атап өтіледі.

“Күдіктіге қатысты сот "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп қосты аталған агенттік.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 27 Маусым, 2023 13:58