Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бодибилдер болу деген не? Дене бітімі мінсіз бойжеткенмен танысыңыз

Бодибилдингтен Орта Азия және Қазақстан чемпионы Светлана Олимпия спортпен 15 жыл қөлемінде айналысады және әзірге өз өмірін бодибилдингсіз елестетпейді. Қазақстандық әйел Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне спорттың осы түрімен неліктен айналысатынын, туған-туысқандары оны не үшін райынан қайтаруға тырысатанын, қоғамдық орындардағы адамдардың реакциясы қандай екенін айтып беріп, бодибилдинг туралы ең бұрыс стереотиптер жайлы сөз қозғады. 

Светлана Олимпия спортпен жаттығуға күнделікті екі сағат бөледі, бірақ байқау жақындағанда дайындықтың көлемі үш есе артады. "Көп жаттығатын әйелдер ер адамдарға ұқсайды, тартымсыз болып кетеді" деген стеротип бар. Алайда, кейіпкерімізге ұнататынын айтып, сезімін білдіретін азаматтардың санына қарап, мұның бұрыс тұжырым екенін түсінуге болады. 

"Сүйкімді, әдемі екенсіз, танысайық, кездесейік деп жазатын ер кісілер көп. Қаншама рет жаттықсам да мен еркекке айналып бара жатқан жоқпын. Адамдар өзіне ұнамаған соң, көзге қалыпты дүние болмағаннан кейін жалған айып тағады, осыны түсіндім", — дейді спортшы. 

Светлана Олимпия ас ішу тәртібін қатаң ұстанғанымен, аптаның жетінші күні мәнті, бешбармақ, палау сынды астан бас тартпайтынын айтты. Ол спортпен айналысқалы бері ұннан жасалған өнімдерді, майлы, қуырылған тамақтарды аузына алмайды. 

Бодибилдердің айтуы бойынша, жақындары әлі күнге дейін оны райынан қайтаруға тырысып, спорттың осы түрімен айналысқанды қоюды сұрайды екен.

Себебі: "Байқаулардың барлығы отбасылық мейрам күндерімен тұспа-тұс келіп қала береді. Мерекелік дастарқан жайылып, барлығы тойлап отырғанда мен бір бұрышта тауығым мен  брокколиімді жеп отырамын. Байқау жақындағанда тамақтану тәртібім де күрделене түседі. Алайда, мұны барлығы түсіне бермейді. Мұның саған қажеті не? - деп денсаулығымның, ас қорыту жүйесінің нашарлап кететінін алға тартады. Бірақ мен спорттың бұл түрінен бас тарта алмаймын", — дейді ол. 

Әйел адам нәзік болуы тиіс деген ортақ пікір бар. Алайда, Светлана Олимпияның сөзінше, әйел қандай болса да, өз еркі. Бастысы табиғат берген болмысынан айнымауы тиіс. 

Сұхбаттың толық нұсқасын Stan.kz ақпарат агенттігінің Youtube сайтындағы арнасынан көріңіз. 

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі шіріген бай тұрғындары бар мемлекеттер қайсы

Рейтингтегі екінші орынды АҚШ иеленіп, оның ізін Жапония жалғады

"Оқудан қуылады": Солтүстік Қазақстанда студенттер жаппай төбелесті

Тоқаев рахымшылық жасаған: "Қорғас ісі" бойынша сотталған Артықбаев пен Жақаев бостандыққа шықты

Сот олардың өтелмеген жаза мерзімінің бір бөлігін айыппұл жазасына ауыстырды

"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

Әлия Құрманәлиева: Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты
Çàãðóçêà...