Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер қызды жанкүйері өлтіріп, денесін желіге жариялады

Нью-Йорк штатында 17 жастағы блогер қыз Бьянка Дэвинсті өлтіріп кетті. Оның өліміне 21 жастағы жергілікті тұрғын күдіктеліп отыр.

Блогер қызды жанкүйері өлтіріп, денесін желіге жариялады

21 жастағы Брэндон Кларкс блогер қызбен онлайн желіде сөйлескен.

Полиция мәліметінше, ер адам қызды пышақпен мойнынан бауыздап, суретін Instagram желісіне салған. Оқиға орнына келген полицейлерді көрген күдікті өзіне қол салмақ болды. Оны полицейлер құтқарып қалды. 

Жас жігітті ауруханаға жеткізіп, кейін айып тақты. Адам өлімі 14 шілдеде болды. Полицияға шабуыл туралы хабар түскен. 

Күдікті жігіт қылмыс кезіндегі суреттерді желіге жариялаған. Кейін Instagram желісіндегі парақшасын өшіріп тастады. 

Полиция Дэвинс пен Кларктың таныс болғанын, қылмыс ұрыстан кейін болғанын болжайды. Кей деректерге сәйкес, жігіт қызды 14 шілде күні аңдыған. Бойжеткен Нью-Йоркке концерт көруге барған. Полиция өздерінде мұндай ақпарат жоқ екенін айтты. 

Талқылау