Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтардың комплексі – көз": Отандық хирург қазақтар көздерін үлкейтуге неге құмар екенін түсіндірді

Қазақстанда соңғы уақытта блефаропластика қарқынды дамып келеді. Әсіресе қазақтар көздерін үлкейтуге құмар екен. Осы жайында белгілі пластикалық оталар хирургі Айна Досан Stan.kz ақпарат агентігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

қыз
«Қазақтардың комплексі – көз. Қабақтары ұнамайды, қатпар жоқ деп жатады. Көбісінің мақсаты – көздерін үлкейту. Бірақ статистика бойынша әр ота жасатуда қазақтар көп болып шығады. Жалпы әр елдің өздеріне лайық комплекстері бар. Мысалы, Түркияда қыздар мұрындарына пластикалық ота көп жасатады. Өйткені олар үлкен мұрындарын кішірейткісі келеді. Ал Америка қарындағы майды сорғызу – липосакция отасы бойынша бірінші орында», – дейді дәрігер.


Тағы оқыңыз: Ләйлә Сұлтанқызы көзіне пластикалық ота жасатты


Елге танымал өнер адамдарының көбі дерлігі Айна Досанның қолынан өткен. Олар көбіне блефаропластикаға жүгініп жататын көрінеді. 

«Жұлдыздар да адам. Басқа науқастар өздеріне не жасатса, әншілерге де біз соны жасаймыз. Блефаропластика отасына Қазақстан бойынша көп қыз-келіншектер жүгінеді. Көз - адамның айнасы. Сол себептен де бірінші кезекті көбі дерлігі блефаропластика жасатады. Көп адамдар бірінші алдымызға келгенде блефаропластиканы сұрайды. Ары қарай басқа нәрсені де сұрай бастайды», – дейді Айна Досан.

ерке есмахан

Жалпы пластикалық ота кез-келген адамға жасала бермейді екен. Пластикалық отаның да өзіне байланысты заңдары болады дейді. Мәселен,  көзге жасанды қыртыс түсіру оңай көрінгенімен, кейде зиян тигізуі мүмкін. 

«Негізі бұл отаны тәжірибелі дәрігердің жасағаны дұрыс. Сондай-ақ, клиниканың да жағдайы жақсы болуы керек. Сонда отаның ешқандай зияны болмайды. Егер бұл пунктердің ешқайсысы дұрыс болмаса, онда, әрине, науқаста біраз асқынулар болуы мүмкін. Мұндай ота орташа есеппен екі сағатқа дейін созылуы мүмкін», – дейді дәрігер.

Блефаропластика да еліміздегі ең сұранысқа ие пластикалық ота екен. Оның бағасы да қолжетімді. Тіпті қазір көздерін үлкейткісі келген әр студент жасата алатын көрінеді.  

«Блефаропластика біздің елде бұрын да болған. Бірақ ол уақытта біздің қыздар айтуға ұялатын. Жасырын түрде жасалатын. Қазір бәрі ашық. Тіпті қабақтарына ота жасатқанын көп жұлдыздар да жасырмайтын болды. Оны көрген жас қыздар еліктейді. Бұрын көп адамдар пластикалық операцияны жасау үшін көп ақша керек деп ойлайтын. Бірақ қазір бізге студенттер де келіп жатады. Яғни, бұл ота қолжетімсіз дүние емес», – дейді хирург.

Блефаропластиканың бағасы да әртүрлі дейді. Егер арзан бағада іздесеңіз оны да таба алады екенсіз. Бірақ ондай жерлердің техникасы дұрыс болмаса сау басыңызға сақина тілеп алуыңыз мүмкін. 

меруерт

«Бұл отаның бағасы әрқалай. Клиниканың қандай техникамен жабдықталғанына байланысты. Кейбір жерлерде блефаропластиканы өте арзан бағада жасап жатады. Бірақ ол жерден қандай нәтиже аласыз, оған жауап беру қиын. Мысалы, біздің клиникада тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді. Сол себептен ота өте арзан тұрады деп айта алмаймын.

Блефаропластиканың бағасы шаш кесу мен бояудың көлеміндей болмауы керек. Сондықтан ота құны 100 мың теңгеден жоғары болады», – дейді ол.

Блефаропластика - көздің қабағына жасалатын ота. Жасы келген адамдардың көзінің үстін жауып тұрған артық тері көздің көруін нашарлатады. Бір себебі сол болса, кейбір жас жігіттер мен қыздар көздерін еуропалық типтес етіп өзгерту үшін жасатады. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ауылдағылар 30 мың алады": Қазақстандағы имамдардың жалақысы қанша

Дін қызметкерлеріне жалақы 4 категория бойынша тағайындалады

Перуашев: Табысын жасырған миллионерлерді бәрібір таппайсыздар

Мәжілісмендердің айтуынша, одан да көңілді парақорларға бөлген жөн екен

Отағасы тіл тартпай кетті: Павлодар облысында жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

Апаттан жұбайы мен кішкентай үш баласы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді

Бас мүфти: Біз – қарияның дуалы сөзіне қарсы уәж айтпаған халықпыз

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сезім мен амалды үйлестіруге шақырды

"Маған жала жабылды": Мәнізоров өзіне тағылған айыптаулар туралы айтты

Айтуынша, оған ақпараттық шабуыл жасалған

"ҚазАгро" басшысы 20 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды (видео)

Ақша "Интер-Агро" ЖШС және "ИнтерАгроТрейд" ЖШС-ларына тиесілі

Кикбоксингпен айналысқан: 51 жастағы әйелді ұрып өлтірген қызға сот үкімі шықты

Қылмыстық іс жеткіншек қыздардың жасы үлкеніне ғана шығарылыпты

"Ауру деп түсік жасатпақ болған": Сау бала туған тараздық әйел дәрігерлерді сотқа берді

Надира Бешалиева: Ақша да, басқа да қажет емес. Дәрігерлер заң алдында жауап берсін

Басынан балтамен ұрған: Атырауда жылқыларды аяусыз қинаған ер адам ұсталды (видео)

Видео қазақстандықтардың жағасын ұстатты

Зорлап өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Жамбыл облысында педофил соңғы демі қалғанша түрмеде отыратын болды

Сондай-ақ, қылмыскерге химиялық кастрация жасалмақ
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр