Соңғы жаңалықтар

БҚО тұрғындары қаңғыбас ит-мысыққа пана болатын нысан құрылысына қарсы

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары қаңғыбас ит-мысыққа пана болатын нысан құрылысына қарсы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

жители

Арна мәліметінше, елді мекен хал құрылысқа жауапты азаматтан рұқсат қағаздарын талап етіпті. Алайда әлі жауап келмеген. Құзырлы органдар да бұл туралы жақ ашпаған. Жаңа нысанның бой көтеруіне қарсы тұрғындар ауылдың тазалығына алаңдаулы.

"Ауылдың ортасында ертең ит, мысықтар келеді ылғи. Мына жерде балалар жүреді, мінекей балалар алаңы қасында, мына жерде дүкен. Мына үйдің қасында мына балалар қайда ойнайды? Ана жерде мектеп тұр, осындай жерде сондай затты салуға болады ма? Ешкімнен сұраған жоқ, халық ештеңе білмейміз біз, тек кеше айтқанда білдік", - деді Меловые Горки ауылының тұрғыны Айсұлу Айтқалиева.

"Мынандай жағдайда, ауылдың арасында. Мына жерде дүкен тұр, мына жерде ауыл тұр, мына жерде мектеп тұр, бізге қалай болады? Мен соны түсінбей тұрмын", -дейді Меловые Горки ауылының тұрғыны Есламгерей Күнтеев.


СҚО-ның үш тұрғыны өздеріне қарыз азаматтың итін сойып, жеп қойды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр