Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-дағы "Қазпоштада" жеке тұлғалардың шоттарына шабуыл жасалды

"Қазпошта" АҚ өзінің Батыс Қазақстан облыстық филиалында жеке тұлғалардың шоттарына байланысты заңға қайшы әрекеттер жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл факт ішкі ревизияның барысында анықталды. Оған кінәлі адамдар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына тиісті процессуалды шаралар қабылдау үшін жіберілді.

Сонымен қатар, аталған факт бойынша ішкі қызметтік тексеру жүргізілуде.

Клиенттердің шоттарында қаржының жетіспеушілігі расталған жағдайда оны "Қазпошта" АҚ толық көлемде қайтарады.

Тексеру қорытындысы бойынша қосымша мәліметтер ұсынылады.

 

Талқылау