БҚО-да жоғары инженерлік-технологиялық колледжі мен "Батыс Қазақстан аймақтық желілік компаниясы" ЖШС арасында маңызды келісім жасалды

Жұмысшы мамандықтар жылының аясында Батыс Қазақстан облысында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі мен "Батыс Қазақстан аймақтық желілік компаниясы" ЖШС арасында маңызды келісім жасалды. Бұл ынтымақтастық – энергетика саласына қажетті кәсіби мамандарды бірлесе даярлау, студенттердің тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасуына жол ашу мақсатында қолға алынды.
Колледж – халықаралық талаптарға сай білім беріп келе жатқан алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Оның дәлелі – WorldSkills чемпионаттарында көрсеткен жоғары нәтиже мен 2024 жылғы түлектердің 91% жұмыспен қамтылу көрсеткіші.
Бүгінгі таңда білім мен өндірістің тығыз байланысы – бәсекеге қабілетті, тәжірибесі мол маман қалыптастырудың басты жолы. Ал мұндай серіктестік жастарға нақты мүмкіндік береді.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев