AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да толассыз жаңбырдың салдарынан мектепті су басып қалды

БҚО-да жаңбырдың салдарынан мектепті су басып қалды. Су барлық сынып бөлмелеріне, дәліздерге, спортзал мен фойеге өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Instagram-да zhaloby_uralsk_official паблигінде Тайпақ ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы су басып қалған мектептің видеосы жарияланды. Жазба авторының айтуынша, нөсер жауыннан кейін ғимараттың төбесінен тоқтамай су ағуда. Қызметкерлер едендер мен қабырғаларды сүртіп үлгермей жатыр.

Орта мектепке күрделі жөндеу қажет екені белгілі болды. БҚО білім басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта аудандық білім бөлімі мен "Таскала Транс Газ" ЖШС арасында құрылыс жұмыстарын жасау жөнінде келісім жасалған. Күрделі жөндеу жұмыстары осы айда басталады деп күтілуде. 



Ал Ақ Жайық аудандық білім бөлімінің жетекшісі Біржан Сабировтың сөзінше, жаңбыр суы мектептің негізгі бөлігін емес, спортзал мен асхана орналасқан қосалқы ғимаратты басып қалған. Ақпарат 10 мамыр күні түскен. 

"Мектеп 1987 жылы салынған, 624 орынға арналған. Мендегі ақпаратқа сәйкес, мектеп салынған жылдан бастап күрделі жөндеу жасалмаған. Былтыр жасалуы керек еді, бірақ сот тартыстарының кесірінен уақытында басталмаған. Бөлінген ақша қайта бюджетке қайтарылды. Биыл "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 350 млн теңге бөлініп отыр, қалған ақша жергілікті бюджеттен беріледі", –  деді Біржан Сабиров.

Оның сөзінше, балалар оқитын ғимаратта су басу қаупі жоқ. Ал жөндеу жұмыстары бес айға жалғаспақ. Мердігерлер уақытында бітіре алмаған жағдайда, балаларды бос тұрған төртқабатты колледж ғимаратында оқыту жоспарланып отыр. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр