Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-дағы ауруханада коронавирус жұқтырған науқастардан телефондарын алып қойған

Батыс Қазақстан облысындағы ауруханалардың бірінде коронавируспен ауыратын науқастардан телефондарын алып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

О дүниелік әкесіне хат жазып жүріп, күтпеген жауап алды

"Мой город" басылымының хабарлауынша, науқастардың туыстары олармен хабарласа алмай жатқандарын айтып шағымданды. 

Бұл жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар түсініктеме берді.

"Желіде облыс стационарларының бірінде емделушілерден ұялы телефондар алынып жатыр деген ақпарат таратылды. Осыған байланысты, ұялы телефон жұқтырудың басты көзі емес, бірақ стационар жағдайында шарттардың бірі екенін атап өткім келеді", - деп түсіндірді басқармада.

Сонымен қатар басқармада телефонды ешкім антисептикпен өңдемейтінін атап өтті.

"Вирус сіз жиі қолыңызда ұстайтын заттарда да болады. Қазір барлық адамдар үшін басты ереже – барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау, ол - аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін төмендетудің басты мүмкіндігі", - деп толықтырды  облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр