БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақта 4 адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысының аумағына шұғыл қонған тікұшақтағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитеті таратқан соңғы мәліметке сенсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен.
Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.
Азаматтық авиация комитеті тікұшақ қатты қонған кезде қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
"ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барады" деп хабарлады комитет.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.
Кейіннен Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар екенін хабарлады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген