Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Оралда инклюзивті заманауи спорт кешені ашылды

Бүгін Орал қаласында жаңа заманауи спорт кешені ел игілігіне берілді. Жобаны жүзеге асыруға Freedom Holding Corp компаниясы қолдау көрсетті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов қатысып, бұл әлеуметтік бастаманың маңыздылығына тоқталды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: "Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі де, жергілікті қауымдастықтармен ұзақ мерзімге арналған серіктестік қатынас орнатуға деген құлшынысы да зор. Бұл – қуанарлық жағдай. Мемлекет пен бизнестің ықпалдастығы арқылы көптеген әлеуметтік мәселе шешімін тауып жатыр", – деп атап өткен еді. Біздің бүгінгі жаңа спорт нысанының ашылуы да Президент сөзінің жарқын көрінісі, айқын дәлелінің бірі дер едім. Бұл нысан – инклюзивті қоғам құруға бағытталған нақты қадам, мемлекетіміздің әлеуметтік жауапкершілігінің жемісі”, – деді облыс әкімі.

Ғимараттың жалпы аумағы – 2 025 шаршы метр. Нысанда спорттық ойындарға арналған жаттығу залдары, күрес және үстел теннисіне арналған арнайы орындар бар. Сонымен қатар жалпы және арнайы дене дайындығына арналған заманауи спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Жаңа кешенде спорттың 20 түрінен 250-ден астам спортшы жаттығады.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты
Калия: "Дәрігерлер ата-анама “жаназаға дайындала беріңдер, тек бір аптадай өмірі қалды” деген"
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған