Бизнес жас талғамайды. Кәсіпкерге айналған зейнеткерлер оқиғасы
Жеке кәсібіңізді бастауды үнемі кейінге қалдырып немесе бастаудан қорқып жүрсеңіз, бүгінгі зейнеткерлер оқиғасы сізді жігерлендірері сөзсіз.

Сайыпжамал Өтеп пен жолдасы Дәулетқали Оңалбай алғаш кәсіппен айналыса бастағанда жұрттан «ақымақсыңдар, не жындысыңдар» деген сарында көп сөз естіген. Себебі екеуі де мемлекеттік қызметкерлер еді, зейнетке әне-міне шығайын деп отырғанда бәрін тастап, қаладан ауылға көшкен. Кәсіп бастаған кезде оларда бес сиыр мен бір сепаратор болыпты.
Бірі ұстаз, бірі әкімнің орынбасары. Өмір жолдарын қызметке арнаған ерлі-зайыпты бір күнде бәрін тастап ауылға көшеді. Қазір отбасын ғана емес көптеген дүкенді табиғи, таза сүт өнімдерімен қамтып, тіпті шекара асып кетіп жатқан тауарлардың өндірушілері өздерінің қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Зейнеткерлердің ауылға көшудегі мақсаты табиғи сүт өнімдерін шығарып, брендке айналдыру еді. Осылайша, кішігірім идеяны бизнеске айналдырудағы алғашқы қадамдар басталып кетті.

Сайыпжамал Өтептің өзі қалада тұрған соң ешқашан сүт өнімдерін жасап көрмегенін айтады. Сондықтан бизнестегі алғашқы қиындық тәжірибенің жоқтығынан туындаған.
«Қызымды Ресейге оқуға жіберетін болған соң, ауылға көшіп, кәсіп бастауға бел будық. Сөйтіп Алматының іргесіндегі Қаратал дейтін ауылға көштік. Әуеліде бес сиыр және 9 мың теңге тұратын сепаратор сатып алдық. Сол кезде көпшілік «сіздер не батырсыздар, не жындысыздар» десті. Ал шындығында бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұның артында қаншама еңбек жатыр. Соның ішінде алып-сату емес, өзің өндіруің өте қиын екен», - дейді ол.
«Сепаратордың өзін тарта алмадым, сиырды да сауа алмаймын. Қиналып кеттік. Құртымыз біресе дұрыс кеппейді, біресе айранымыз ұйып кетеді. Талай жылаған күндерім болды. «Бітті, жабайық» дедім. Ал жолдасым мені жұбатып, жігер берді. Осылайша, не болса да, алға жүрейік дедік. Қазіргі жастар да өте жақсы ғой, келінім де «бәрін істейміз, оқиық» деді. Сиырды да өзі сауды. Бәріне білім керек екен», - дейді ол.
Ерлі-зайыпты сүттен айран, құрт, қаймақ, кілегей, сарымай жасауды қолға алады. Олар өз брендін «Ақ ырыс» деп атаған. Бәрін «Ақ ырыс» деген жазуы бар құты мен қағазға құйып орайды. Қазір кәсіпкерлер тауарын дүкендерге өткізіп, сатады. Іскер ханымның айтуынша, өз өнімдерінің басқалардан ерекшелігі әрі артықшылығы дайындалу тәсілінде. Ол оны шетелдік онлайн курс арқылы оқып, меңгерген көрінеді.
«Құртты көпшілігі шикідей, сепаратордан өткізіп жасай салады. Ал біз оны 90 градуста қайнатып, пісіріп аламыз, өйткені өлмей қалатын бактериялары болады. Мұның бәрін оқып үйрендім. Ал ірімшікті 68 градусқа дейін пастеризациядан өткізіп, түр-түрін жасаймын. Қазір бәрін жылдам, жеңіл істейтін болдық. Ірімшік, сарымайды да табиғи жолмен дайындаймыз. Оқу арқылы йод қосылған тұзды сүт өнімдеріне – қатыққа, ірімшікке, құртқа қосуға болмайтынын білдім. Өйткені йод оны ірітіп жібереді екен. Сол үшін йод қосылмаған тұзды Ресейден, Орынбордан алдыртамыз», - дейді ол.
Әр кәсіптегідей сүт өнімдерін жасаудың да өз қиындықтары бар дейді зейнеткерлер. Бұл күні бойы белсенді жұмыс күшін талап етеді.
Еске салайық, KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады, толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
Кәсіпкерлердің ендігі арманы – цех ашу.
«Таңғы 6-дан сыртқа шығамыз, содан дірдектеп төсекке түнгі 23.30-да жетеміз. Балалардың өз ісі бар, ал біз екі жұмысшы жалдап отырмыз. Келінім көмектесетін, бірақ қазір жүкті. Сондықтан немеремізге үйретіп жатырмыз. Аты Димаш, 7-сыныпта оқиды. Өзі де бәрін қалап істейді. Сабақтан келе салысымен іске кіріседі. Instagram-ды да өзі жүргізеді», - дейді Сайыпжамал Өтеп.
Қазір өнімдеріне шетелден де сұраныс бар. Отандық өнім Канададан, Түркиядан келген туристердің де жүрегін жаулапты.

Сиырды күтіп-баптап, оны да өздері сауып, қалған өнімді де жасаудың қиын екенін түсінген ерлі-зайыпты кәсібін оңтайландыру мақсатында несие алмақ болады. Алайда осы кезде олардың алдында кедергі туындаған. Себебі зейнет жасындағы адамдарға банктің көпшілігі несие бере бермейді.
Айта кетейік, кәсіпкерлер отбасы биыл жетінші рет ұйымдастырылған Ulttyq Ónim қазақстандық өндірушілердің көрмесіне қатысты. Бұл шарада KMF компаниясы демеуші болған еді. Бірнеше жылдан бері бұл шараға қолдау көрсетіп келе жатқан компанияның басты ұстанымы да сол – кәсіпкерлікті дамыту, шағын кәсіп иелерін демеу.
«KMF-ке барып едік, кәсібімізді келіп көрді де, еш қиындықсыз 1 миллион теңге берді. Біз де ұятқа қалдырмай, уақытында төлеп тұрдық. Жеке менеджеріміз кәсіптеріңізді дамытуға тағы қаржы керек пе деп сұрады, қуанып кеттік. Тағы 800 мың теңге алдық. Кәсіпке неғұрлым көбірек ақша салсаң, соғұрлым көп аласың. Арасында байқауларға қатысып, 5 миллион теңге грант та ұтып алдық. Бұл да үлкен көмек болды. Егер кәсіпті бастасаң, бәрінің шешімі табылады екен, бұл ретте KMF-ке айтар алғысымыз шексіз. Кәсіпкерлікті нағыз қолдайтын компания», - дейді олар.

«Бұдан қорықпаймыз, өйткені барлық қиындықты еңсердік. Бізге 3-5 жылға тиімді ұсыныспен келсе, инвесторлармен де жұмыс істеуші едік. Цех болса, жұмысшыларды да көбейтіп, өнімді де көбірек алар едік», - дейді ол.

Кәсіпкер зейнеткерлер жастарға да тұшымды кеңес берді. «Қай жаста болса да, кәсіптің қай түрі болса да, кеш емес. Кез келген уақытта, кез келген жерде жасауға болады, тек ерінбей, алға жылжи беру керек», - дейді олар.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мен "Даму" қорының басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева KMF клиенттерімен танысты
Көрмеге компанияның тағы екі клиенті қатысты, олар: «Талғар тәттілері» брендінің иесі Нурдилла Атанчаев пен қыз жасауын әзірлейтін Жомарт Кенесариев пен Толқын Мұратбекова.
KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов компания клиенттерімен

Қолдауымен дайындалған материал