Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бизнес көзі: Салық органдары бақсы-балгердің салық төлеуі тиіс екенін айтты

Құдайдан берілген қабілетім үшін неге салық төлеуім керек? Біреудің жоғын, біреудің жұбын тауып, күнін көрген көріпкелдер кірісін мемлекетпен бөліскісі келмейді. Бұрын көшеде отырып құмалақ ашқандар, бүгінде интернет арқылы жарнама беріп, нанын тауып жүр.

Бизнес көзі: Салық органдары бақсы-балгердің салық төлеуі тиіс екенін айтты

Ал салық органдары болса бақсы-балгердің әрекетін бизнеске балап, олардан салық өндірілуі тиіс дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Иә, бұрын емші, бақсы-балгер дегендерді аз еститінбіз, қазір олардың көптігінен көз сүрінеді. Жарнамалары жарып тұр. Көшеден, кез-келген аялдамадан, интернет желілерінен еш қиындықсыз табуға болды. Азды-көп ақшасын төлесең болды болашағыңды болжап, диагнозыңды қойып береді. Жолыңды ашатындары да бар.

Елімізде 3 мыңға жуық бақсы-балгер ресми тіркеліпті. Ал, құзырлы органдардың есебінде жоқтары қаншама?! Оның дәлелі көше, базар, интернетте жүргендер. Алайда, көбісі қазынаға көк тиын да төлемейді. Солардың бірі - қарқаралылық көріпкел-шаман Назарбек.

«Емші, көріпкел ретінде налог төлемеймін. Себебі,  Құдайдың берген қасиеті. Неге төлеуім керек?. Налог төлейтіндей ондай қаражат тауып жатқан жоқпын. Келушілердің саны аз», - деді көріпкел-шаман Назарбек Жұмажанов. 

Ал, мемлекеттік кірістер комитетіндегілер әр табыс тапқан тұлға салық төлеуге міндетті екенін айтады.  

"Көше жағалай отырып, жұрттың арқасында жанын бағып жүргендер салықтан жалтара алмайды, барлығы  бақылауда" дейді.
«Салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы табыс тапқан жеке тұлғалар салық төлеуге міндетті. Кәсіппен айналысатын болса, олар жеке кәсіпкер болып салық төлейді. Кез келген салықтан жалтару ықтималдығы бар табыс тапқан тұлғаларды арнайы тақырыптық тексеру кезінде біздің жедел топ қызметкерлері анықтайды», - дейді мемлекеттік кіріс комитеті жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар.

Қоғам белсендісі Ыбырайм Бабаев та балшы-балгерлер мен көріпкелдер азды-көпті табыс тауып жатқандықтан салықтан жалтармауы тиіс дейді. Өйткені, заң бәріне ортақ. Оның үстіне, кейде біреулердің жоғын тауып беріп жатқанда оларға имандай сеніп, көмегіне жүгінетіндер баршылық екен.

«Енді ол қазір шыны керек заң бойынша ешкім бақылап жатқан жоқ. Сондықтан өздерінің қалтасына халықтың ақшасын алып, күндерін көріп отырған адамдар бар. Енді оның барлығы мықты, жақсы біледі деп айта алмаймыз көбісі алаяқ та болады. Психологиялық тұрғыда сендіріп айтады», - дейді қоғам белсендісі Ыбрайым Бабаев.

Халықтың пікірінен аңғарғанымыздай, көпшілігі жол ашқыштарға жүгінеді екен. Бұл - құмалақты шашып, картаны ашып, ол аз десеңіз суретіңіз арқылы онлайн бал ашушылардың бизнесі жүріп тұр деген сөз. Десе де балгерлікті бизнеске айналдырып отырғандардың салықтан жалтарып жүргені дұрыс па?

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Ақерке Ысқақ бала күнінен шетелде тұруды армандағанын айтады

"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты

Әнші Лейсан есімді арудың арманын орындаған еді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр