Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз сіздің балаңызды өлтірген жоқпыз": Тоңазытқышта көз жұмған нәрестенің өліміне күдіктілер сотта соңғы сөзін айтты

Атырауда перинаталдық орталықтың тоңазытқышында көз жұмған нәрестеге қатысты сот ісі жалғасуда. Үкім 21 желтоқсанда ғана шығарылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Бас айыпталушы, перзентхананың бұрынғы бастығы Қуаныш Нысанбаев соңғы сөзін айтты.

"Мен Молдагалиевадан тек адами түрде кешірім сұраймын. Айтайын дегенім,  біз сіздің балаңызды өлтірген жоқпыз. Сотта сізден көп нәрсе сұрадық, артық кетсек кешірерсіз", - деді Нысанбаев.

Экс-бас дәрігердің адвокаттарының бірі Аслан Жолболов сот ісінің барысы туралы айтты. Ол айыптау кезінде дәрігердің кінәсін дәлелдемегенін мәлімдеді. 

Сотталғандардың ешқайсысы кінәсін мойындаған жоқ. Алайда барлығы соттан әділ шешім шығаруды сұрайды.

Неонатологтар Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева, акушер Жамиля Құлбатырова сараптама нәтижесі нәрестенің тоңазытқышқа қойылғанда тірі еместігін көрсетті деп бірнеше рет қайталады.

Үкім 21 желтоқсанда шығады. Бұған дейін прокурор бұрынғы бас дәрігерге жиырма жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын.

Еске салсақ, осыған дейін Сәбиді тоңазытқышқа салып тірідей өлтірді деп айыпталған дәрігерлерге қатысты сот жалғасып жатқаны жайлы жазған болатынбыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр