"Анам Абайдың әйелдерінің бәрін көзімен көрген": Елордада Абайдың 70-ке таяған ұрпағы тұрып жатыр

Елордада қазақтың бас ақынының ұрпағы тұрады. Абайдың тұңғышы Ақылбайдың ұлы Әлімқұлдың қызынан туған. Ойшылдың жиені Ләйлә Баймағамбетқызы бүгінде 70-ке таяп қалған.  

Ширек ғасырға жуық ұлағатты ұстаз болған ол, хәкімнің өмірінен сыр шертетін музейде де жемісті еңбек етіпті. Сонымен, Абайдың ұрпақтары неге азайып барады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елорданың тіршілігі қайнаған аудандарының біріндегі дәл осы үйде қазақтың бас ақыны, ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының тікелей ұрпағы өмір сүреді дегенді естіп, біз де ол кісімен сұхбаттасуды жөн санадық. 

70-ке таяп қалған Ұлы ақынның шөпшегі бүгінде бейнетінің зейнетін көріп келеді. Елордаға қоныс аударғанына да 10 жылдың жүзі болыпты.

"Көбіне өз өмірім Семейде өтті. Онда мектепті де бітірдім. Сосын институтты, пединститутты бітірдім. Көп жылдар қызмет істедім. Өзі мұғалім ретінде, оқытушы ретінде еңбегім жас ұрпақты жас ұрпақты тәрбиелеуге арнадым. Сосын мен 15 жылдай Абай музейінде аға ғылыми қызметкер болып істедім. Сосын зейнетке де шықтым", - дейді Абайдың ұрпағы Ләйлә Баймағамбетова. 

Ләйлә Мухлисқызының сөзінше, Абайдың ұрпақтары небір қиын кезеңдерді басынан өткізген. Ашаршылықтан бастап, қуғын сүргінге дейін. Бүгінде ақынның тұяғын жалғайтын Данияр есімді жалғыз тұяқ қалған. Оның 3 қызы бар екен.

Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірбаяны >>>

"Ақылбайдың баласы Әлімқұл, Әлімқұлдан Қауаш менің анам. Ол көзі тірісінде көп мағлұмат берді Абай музейіне. Онда құндылықты естеліктерді қалдырды. Ол өз көзімен Айгерімді, Ділдәні, Еркежанды көрді. Әубәкірді Әукеш ағам дейтін еді. Шәкәрімді көрген бала кезінде. Сол біраз естеліктерді айтып берген бізге", - деді абайдың ұрпағы.

Қазақтың маңдайына біткен ұлы ақынның тағдыры оңай болмаған деп жалғады өз ойын Ләйлә апай. 1895 жылы "Әбіш" аталып кеткен ұлы Әбдірахман дүниеден өтеді. Ал, 1904 жылы кенжесі Мағауия қайтыс болады. "Мағашты" жер қойнына тапсырған соң, хәкім Абайдың өзі науқастанып, төсек тартып жатып қалған. Ал, кейіпкеріміздің әкесі де Абаймен тығыз қарым-қатынаста болған екен.

"Біз өзіміз мақтанамыз тамырымызда Абай атамыздың бір тамшы қаны бар деп. Содан кейін, әке жағынан мен ертекші Баймағанбеттің шөбересімін. Атамыз ылғи Абайдың сенімді кісісі болған. Абайдың қасында жүрген. Оның аузынан естіген әңгімелерін тура жұртқа жариялап жүрген", - деді Ләйлә апай

Ләйлә Мухлисқызы анасынан қалған барлық Абай жайлы естеліктерді музейге табыстаған. Ұрпақтары 175 жылдығына Жидебайға барып Ұлы ақынның басына құран бағыштап қайтпақ ниетте.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2020 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын арттырады

Дәрігерлердің жалақысы 1 қаңтардан бастап 30 пайызға, ал медбикелер жалақысы 20 пайызға өседі

Министр Аймағамбетов: Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру керек

Көптеген мектеп директорларының жұмыс вакансиясы бос тұр

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды
Çàãðóçêà...