AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биволдың «Канелоны» жеңгеннен кейін келесі қарсыласы кім екені белгілі болды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) иеленген жеңіл салмақтағы WBA Super титулына міндетті үміткерді ресми түрде анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дмитрий Биволдың кезекті қарсыласы бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы, қазір жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген мексикалық Хильберто Рамирес (44-0, 30 КО) атанды. 

Боксшылардың командалары промоутерлік сауда-саттықты болдырмау үшін 10 тамызға дейін келіссөздер жүргізбек.

"Биволдың чемпиондық кезеңі 24 айға есептелген. Оның соңғы міндетті қорғанысы 2018 жылдың 3 наурызында өтті, ал келесі 2020 жылы өтуі керек еді. Осы себепті ол Рамиреспен кездесуі керек.

Егер тараптар белгілі бір уақыт аралығында келісімге келмесе немесе Тараптардың біреуі мұны жасаудан бас тартса, WBA промоутерлік сауда-саттықты тағайындауға құқылы", –  деді Boxingscene.com WBA өкілі Карлос Чавес.

Еске сала кетейік, Бивол өзінің соңғы жекпе-жегін мамыр айында Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile Arena-да өткізіп, мексикалық Сауль Канелоны жеңген болатын.

Рамирес сол айда Онтарио қаласында (Калифорния штаты) Toyota Arena-да неміс Доминик Бесельдің төртінші раундында нокаутқа түсірген.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр