Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біттік, құлаймыз!": Апаттан аман қалған ұшақтың жолаушысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Доха-Копенгаген бағытындағы QR161 рейсінің жолаушысы 10 қаңтарда түнгі сағат 02:00-де ұшақ салонында болған сұмдық оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Лукас Андерсон әйелі және екі ұлымен бірге  250-ге жуық адам сыятын “Боинг 787-8” ұшағымен Копенгагенге ұшқан.

"Ұшқаннан кейін біраз уақыттан соң кенеттен қатты дыбыс шықты, сосын ұшақ тігінен төмен қарай ұшты. Адамдар бар дауысымен айқайлай бастады, жолаушылардың бірі көз алдымызда құсты. Салонда хаос болды. Қасымда отырған кенже ұлым да шошып кетті, мен сол үшін сабыр сақтауға тырыстым. Бірақ басымда: "Болды, біттік, құлап жатырмыз", деген ой болды”, – дейді 43 жастағы ер адам.

Лукас Андерсон 20 жыл әуе диспетчері болып жұмыс істеген, сондықтан жағдайдың соңы неге апаратынын түсінген. Алайда, бақытына орай, "қорқынышты құлдыраудан кейін" Qatar Airways ұшағы қайтадан көтеріле бастады. Екінші ұшқыштың болжамды қателігінен кейін капитанның жылдам әрекеті ғана адамдарды өлімнен аман алып қалған.

"Бірнеше адам стюардессалардан себебін сұрады, бірақ ешқандай түсініктеме берілмеді. Бұл бізді таң қалдырды және ренжітті - ұшқыштар мен экипаж мүшелерінен ешқандай түсініктеме жоқ. Бортсеріктер жай ғана қолайсыз ауа-райына байлынысты екенін айтты. Дегенмен, олар да нақты не болғанын білмей, адамдарды тыныштандыруға тырысқан болуы мүмкін", - дейді куәгер.

Flightradar24 мәліметтері бойынша, ұшақ алдымен 560 метр биіктікке көтеріліп, бірнеше секунд ішінде бірден 260-қа дейін төмендеді.

"Qatar Airways 2023 жылдың 10 қаңтарында Дохадан Копенгагенге ұшатын QR161 рейсіне қатысты оқиғадан хабардар. Бұл туралы дереу билікке хабарланып, ішкі тергеу жүріп жатыр", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 12 Ақпан, 2023 18:17