Бишімбаевтың босап шығуының мән-жайы: Экс-министр президенттен рахымшылық жасауын сұраған

Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шығуының мән-жайы белгілі болды. ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер Бишімбаевтың өтінішінің қанағаттандырылуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоға сілтеме жасап. 

Бишімбаевтың босап шығуының мән жайы: Экс-министр президенттен рахымшылық жасауын сұраған

Ведомство мәліметінше, Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші 25 қыркүйекте Шымкенттің Абай аудандық сотында қаралған. Сот экс-шенеуніктің өтінішін қанағаттандырыпты. Соттың тиісті шешімі 11 қазанда күшіне енген. 

«Бұған дейін Бишімбаев мемлекет басшысынан рахымшылық жасауын сұрап, өтініш жолдаған. Ол 2019 жылдың ақпан айында тағайындалған жаза мерзімін қысқарту арқылы қанағаттандырылды. Бишімбаев өзінің кінәсін толықтай мойындап, жасаған әрекетіне өкінген. Соттың талабын орындады. Бишімбаевқа жазасын өтеген уақытта оң мінездеме берілген және мәдени-көпшілік шараларға белсене араласқан», - дейді комитеттегілер. 

Аталғандай, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қаралғанда, сотталушының жазасын өтеп жатқан жердегі мінездемесі, талапты орындауы, кінәсін мойындауы және әрі қарай жазасын бас бостандығынан айыру түрінде өтеу қажеттілігі жоқ екенін растайтын басқа да жағдайлар ескеріледі. 

Ендігі ол қалған жаза мерзімінде пробациялық бақылауда болады.

Еске сала кетсек, мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Леңгірдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан еді. Ол жазасын жұмсартуды сұрап, өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартып, жазасын Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеген-ді.

Бүгін, 11 қазанда, Бишімбаевтың түрмеден босап шыққаны белгілі болды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...