Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірқатар елдер Қазақстанмен әуе қатынасын бастауға ниетті

Бірнеше мемлекет Қазақстанға өзара әуе рейстерін қайта бастауды ұсынды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордадағы әуежайға жаңа басшы келді

Қазіргі таңда Малайзия, Польша, Мажарстан, Қырғызстан, Чехия, Әзербайжан және тағы басқа мемлекеттерден Қазақстанмен әуе қатынасын жандандыру бойынша ұсыныстар түскен.

"Сондай-ақ Қазақстан да басқа мемлекеттерге әуе қатынасын өзара ретке келтіруді ұсынған. Нақтырақ айтқанда ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық әуе компаниялардың өтініші бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерімен рейстерді қалпына келтіру мәселесі көтерген", - деді министрлікте.

Осылайша 10 қыркүйектен бастап Өзбекстан (1 рейс), Қырғызстан (2 рейс) мемлекеттеріне рейстерді қалпына келтіру және Тәжікстанға әуе сапарларын жандандыру мәселесін пысықтау тапсырылған. Бұл ретте санитарлық талаптардың сақталуы міндетті.

Бұдан басқа, қазақстандық әуе компаниялардың Ресейге рейстерді орындау бойынша ниеттері бар.

"Осыған байланысты, 2020 жылғы 12 тамызда министрлікпен РФ көлік министрінің бірінші орынбасары А.В. Нерадьконың атына екі мемлекет арасындағы рейстерді қалпына келтіру және қазақстандық авиатасымалдаушыларға рұқсаттар беру дайындығын растау туралы хат жолдады. Алайда бүгінгі күнге дейін Ресей тарапынан жауап келіп түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр