Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінші жаңбырдан соң төбесі тесілді: Жезқазғанда 37 миллионға жөнделген перзентхананы су басып қалды

Жезқазғанда 37 миллион теңгеге жөнделген қалалық перзентхананы су басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

фото: видеодан скриншот

Былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен көпбейінді аурухана төбесі нөсер жаңбырға шыдас бермеді. Ана мен бала бөлімшесін толассыз жауған жауыннан соң су басып қалды.

 Денсаулық сақтау басқармасындағылар болса бұл жағдайға мердігерді кінәлап отыр. Ал компания аурухананы толықтай жөндеуден өткізбеген болып шықты. Сондықтан емхана басшылығы жұмысты қабылдамаған. Қазір аурухана басшылығы мен мердігер компания соттасып жатыр.

 “Мердігердің жауапсыздығынан осындай жағдайға жетіп отырмыз. Қазіргі таңда енді ол кісілерге сотқа иск берілді. Ревизионная комиссия тексерді. Олардың қателіктерін анықтады. Қазіргі таңымызда біз оларды сотқа бердік”,- деді Ұлытау облысы Жезқазған қаласы облыстық көпбейінді ауруханасының директоры Ғабиден Аханов

Талқылау