Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінші орынды бермейміз: Түркістан облысында әжелер команда құрып волейбол ойнап жүр

Қарттармен жарыс! Түркістан облысында бір топ әже спорттық серіктес іздеп жүр. Допты қолында ұршықша иірген қариялар өздеріне тең келетін қарсыласты кез-келген уақытта қапы қалдыруға дайынбыз дейді. Тіпті, ерлер құрамасынан жасақталған командаға төтеп беруге де әзір екен.

Пайғамбар жасындағы Қалдыгүл апа жетісайлық «Гүлдер» командасының капитаны. Волейбол ойнауды он жасынан бастапты. Содан бері спортты жанына серік етіп жүр. Жалғыз емес, өзі секілді әжелерді жанына жиып алып, кәдімгі команда жасақтап алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Күнде кешкісін сағат 8-ден кейін командамды жиып алып барлығымыз дайындаламыз. Бірінші зарядка жаймыз. Содан соң дене қыздырып алған соң волейболға кірісеміз. Сол дайындықтың арқасында ауданда, облыста бірінші орынды бермейміз", - дейді Қалдыгүл Мұратова. 

Әу баста команда жасақтау оңайға түспеді дейді Қалдыгүл апа. Аудандағы әжелер алқасы төрайымымен ауыл-ауылды аралап, құрдастарын ойынға тартқан, үгіттеген. Еңбегі еш кетпеді. Аз ғана уақыттың ішінде спортқа икемі бар зейнеткерлер жиналып, өзара топ құрылған. Осы күні ең жасы 63-те болса, үлкені 78 жаста екен. Соған қарамастан аудан деңгейінде өтетін сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

«Ойыннан соң ерекше сезім пайда болады. Денеміз жадырап, шаттанып, содан өті бер сергектік пайда болады. Осы жасқа келсек те спорт әлемінде бар болағынымызға, командаммен әлі де өзімізді жас болып сезініп жүргеніме қуанамын», - дейді волейболшы Дүниезада Әліпбаева. 

Жетісайда әжелерден жасақталған үш команда бар. «Гүлдер», «Жігер», «Жауһазын» деп аталады. Олар жылына бірнеше мәрте жолдастық кездесу өткізіп, сайысқа түседі. Наурыз мейрамы, Қартар күні, Алғыс айту секілді атаулы күндерде көпшілік әжелердің ойынын тамашалайды. Мұндайда ойын аса тартысты бола түсетіні рас.

«Денсаулық» фестивалінде жасы 94-ке келген әже флешмобқа қатысты. Біз сондай қуанышты болдық. 94 жасқа келген әже ойнап жатқанда бізге не деп жастарымыздың бәрі талпынып, спортқа деген құмарлығы күннен күнге артып келеді», - дейді жетісайлық аудандық әжелер алқасының жетісайлық аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева.

Жалпы, Мырзашөл өңірінде әжелердің волейбол командасы 6 жыл бұрын құрылған. Бүгінде оған 63 пен 80 жастың аралығында 70-ке тарта қария мүше. Олар қарттыққа қарамастан, салауатты өмір салтын ұстанып жүр. Енді әжелер алқасы құрама сапын көбейтпейші.

Талқылау