Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірікпесек, бір-бірлеп өлтіреді": Ирандағы наразылық шерулеріне оқушылар да қосылды

Иранның бірнеше қаласында мектеп оқушылары елді шарпыған наразылықтарға қосылып, қарсылықтарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап.

ирандық оқушылар

Иран қалаларының біріндегі орта мектеп оқушылары хиджабтарын лақтырып, антиклерикалды ұрандар айтып, наразылықтарын білдірді.

3 қазан дүйсенбі күні әлеуметтік желілерде Тегеранға жақын Кередж қаласында оқушы қыздардың хиджабсыз шығып, жергілікті шенеунікті мектептен қуып жатқан бейнежазбасы жарияланды. Олар "Ұят!", “Масқара” деп бос пластикалық бөтелкелерді ер адамға лақтырған.
Бейнежазбалардың бірінде оқушылардың "Егер біз бірікпесек, бізді бір-бірлеп өлтіреді!" деп сөзі естіледі.

Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында дүйсенбі күні ондаған мектеп оқушылары басты көшелердің бірін жауып, хиджабтарын желбіретіп, "Диктаторға өлім!" деп ұрандатты. Бұл Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейге қатысты айтылған.



Сондай-ақ 4 қазан сейсенбіде Тегеранда және күрдтердің Секкезе және Сенендедж қалаларында мектеп оқушыларының наразылық шерулері өтті.

Мектеп оқушылары хиджабсыз, ал кейбіреулері екі ирандық аятолла – Әли Хаменей мен Рухолла Хомейнидің портреттеріне ортаңғы саусағын көрсетіп суретке түсті.

Жасөспірімдердің ереуілі Хаменей наразылықтарды “есерсоқтық” деп атап, оны ұйымдастырған Израиль мен АҚШ деген мәлімдемесінен кейін басталды.

Талқылау