Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Англияның Эссекс патшалығында ішінде 39 мәйіті бар жүк көлігі табылды. Көлік Грейс индустриалды аймағында тұрған.

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Түнгі сағат бір жарымда полиция келді. Жүк көлігінің жүргізушісі - 25 жастағы ирландиялық кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Марқұмдар туралы әзірге оның 38 ересек адам мен бір жасөспірім екені белгілі. Жергілікті офицер Эндрю Маринер, жергілікті полиция қызметкері зардап шеккендерді анықтау ұзақ уақыт алуы мүмкін екенін ескертті. Жүк көлігі жексенбіде Болгариядан келіп, Ұлыбританияға кіргені анықталды.

«Біз жүргізушіні оқиғаға қатысы бар деген күдікпен қамауға алдық, тергеу жүріп жатыр», - деді Маринер.

Жүк көлігі табылған жердің жанында полиция кордоны орнатылды.

Эссекс округтік полиция департаменті директорының орынбасары Пиппа Миллстің айтуынша, түнгі сағат 1:40 шамасында жедел жәрдем қызметі полиция бөлімшесіне қорқынышты жағдай туралы хабарлады. Оқиға орнына дәрігерлерді кім шақырғандығы әзірге белгісіз.

«Біз жүк көлігі Болгариядан келіп, Ұлыбританияға пароммен Холлихед порты арқылы 19 қазанда жеткен деп санаймыз. Оқиға орнына құтқарушылар келді, бірақ барлығы өліп қалды. Құрбан болғандардың бірі шамасы жасөспірім», - деді Миллс.

«Адам саудасы - бұл жаман және қауіпті іс», - деп жазды Эссектегі Таррок аймағының депутаты Джеки Дойл Прайс өзінің Twitter парақшасында

Ол өлтірушілер табылып, жауапқа тартылатынына үміт білдірді. Полиция әзірге болған оқиғаның қандай-да бір нұсқасын ұсынған жоқ.

Ұлыбритания ішкі істер министрлігінің басшысы Притий Пател трагедиядан шошып қалғанын айтты.

Талқылау