Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірі отбасымен, екіншісі шапанмен келген: Президентікке үміткерлердің бәрі дауыс берді

Қазақстанда 7 президентікке үміткер сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Сурет: informburo.kz

Алғашқылардың бірі болып халық коммунистік партиясынан президентікке сайланып отырған Жамбыл Ахметбеков келді. Ол №66 мектепте орналасқан 113-сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Сайлауға Ахметбеков анасы, әйелі және қызымен бірге келді. 

Alt

Суреттер: Tengrinews.kz

Тағы бір үміткер Амангелді Таспихов сайлау учаскесіне шамамен сағат 9 кезінде келді. Жанында өзімен бірге әйелі болды. 

Alt

Nur Otan партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрында орналасқан учаскеге барып дауыс берді. 

Ал "Ұлы дала қырандары" қозғалысының атынан шыққан үміткер Сәдібек Түгел №136 учаскеге шапанмен келді. 

Alt

"Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков Ұлттық музейде орналасқан №52 учаскеге сағат 10 шамасында келді. Жанында әйелі, қызы және немерелері болған. Осы күні оның үлкен немересе Уәлихан дүниеге келген болатын. 

Alt

Жалғыз әйел кандидат Дания Еспаева анасымен бірге келіп, №113 учаскеде дауыс берді. 

Alt

Ал "Ұлт тағдыры қозғалысының өкілі Әміржан Қосанов учаскеге түскі сағат он екі шамасында келді. Жанында әйелі болды. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды. 

Мұнымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оқушылар сарайына барып дауыс берген болатын. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дауыс беру учаскесіне отбасымен бірге барды. Бұдан өзге түскі сағат он екіге дейін халықтың 35 процентінің дауыс беріп үлгергені белгілі болды. 

Бас прокуратура бюллетеньмен суретке түскендерге айыппұл салынатынын ескертті.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

Азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 
Çàãðóçêà...