Біреуі зардап шекті: Грузиялық футболшылар алаңда қазақстандық қарсыластарын соққыға жықты (видео)

Тбилисиде америкалық футболдан Қазақстан және Грузия құрамалары арасында жолдастық ойын өтті. Алайда алаңда ойыншылар арасында жаппай төбелес орын алып, қазақстандық спортшылар соққыға жығылды.

Біреуі зардап шекті: Грузиялық футболшылар алаңда қазақстандық қарсыластарын соққыға жықты (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ойынның соңына қарай қазақстандықтар 22:14 есебімен алда келе жатқан. Алайда Грузия құрамасының футболшылары төбелес шығарды. Салдарынан төрешілер алаң иелерінен төбелес үшін 2 ұпайды алып тастады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. 

Басылым мәліметінше, ойын соңында алаң иелері Қазақстанның әнұранын қоспай қойған. Сонымен қатар  аталған ойынның видеожазбалары сайттардан өшірілген.

Қазақстандық команданың бапкері Павел Филипповтың сөзінше, ешкім алаңда төбелес шығады деп ойламаған. Бұл жағдайда барлығы бірдей кінәлі емес, дейді ол. 

«Грузиялықтардың көбі жігіттерді соққыға жықпақ болғандарды ажыратты. Бұл бүкіл команда емес, жекелеген адамдар үшін масқара жағдай болды», - дейді Павел Филиппов.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Бұл орайда Грузия тарапы да жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді. Грузиядағы Америкалық футбол федерациясының вице-президенті Давид Палавандишвили қазақстандық ойыншылар арандатты деген пікірде. 

«Ойынның соңғы минутында жағымсыз жағдай орын алды. Қазақстандық ойыншы грузиялықты арандатып, артынша төбелес басталды. Салдарынан Қазақстаннан келген бір адам зардап шекті. Ол бірден ауруханаға жіберілді», - дейді Палавандишвили.

Федерация вице-президентінің сөзінше, дәрігер қазақстандық футболшыны тексергеннен кейін, оны өзі қонақ үйге жеткізіпті. 

Сонымен қатар Палавандишвили ойыннан кейін ортақ шара өткізіліп, барлығының төбелес туралы ұмытып кеткенін айтты. Сондай-ақ, ол төбелес шығарғандарға қатысты міндетті түрде шара қолданылатынын атап өтті. Тіпті, оларға америкалық футбол ойнауға мүлдем тыйым салынуы мүмкін. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

«Иісі жаман екен»: Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді
Çàãðóçêà...